«Қазақстандық салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе облыстық филиалының төрайымы Назира Табылдинованың бастамасымен келісім комиссиясының ролін нығайтуға арналған семинар ұйымдастырылды. Семинарға бастауыш кәсіподақ ұйым мүшелері, яғни аудандық мәдениет үйлері мен кітапханалар қызметкерлері, спорт мектептері мен мәдениет саласының мамандары қатысты. Батыс Қазақстандық медиация орталығының өкілдері семинарға қатысушыларға келісім комиссиясында еңбек дауын сотқа дейін реттеу бойынша толығырақ тоқталып, келісім комиссиясының ролін атап өтті.
Тәжірибелі медиатор Әлия Куртаеваның медиативтік практикалары мен жұмысы туралы баяндамасы қызығушылықпен қабылданды.
Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 23-бабы 1-тармағының 26) тармақшасына сәйкес жұмыс беруші келісім комиссиясын құруға және оны Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану, келіссөздер жүргізу дағдыларын дамыту және еңбек дауларында консенсусқа қол жеткізу бойынша жыл сайын оқытуға міндетті екені де семинар барысында түсіндірілді.