Мемлекеттік қызметшілер күніне орай «Қызмет» Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасы С.Сүлеймен жыл сайынғы дәстүр бойынша Батыс Қазақстан облысы әкімдігімен, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаментімен, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасымен бірлесіп өткен мемлекеттік қызметшілер арасында облыстық спартакиаданың салтанатты ашылуына қатысты.
Шараға облыс əкімінің орынбасары Б.Нарымбетов, ҚР мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің БҚО бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы А.Жұбаныш, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы К.Есендияров, спартакиадаға қатысушы мемлекеттік қызметшілер, ақпарат құралдар өкілдері қатысты.
«Қызмет» Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік, банк мекемелері жəне қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кəсіподағының төрағасы С.Сүлеймен спартакиада қатысушыларды келе жатқан кәсіби мерекелерімен, спартакиаданың ашылуымен құттықтап, өткелі жатқан жарысқа сəттілік тіледі.
Биыл облыстық спартакиадаға 1000-ға жуық мемлекеттік қызметші баскетбол, шахмат, үстел теннисі, жүзу, тоғыз құмалақ, асық ату, шағын футбол, жеңіл атлетика, қол күресі, волейбол, арқан тартыс спорттың 12 түрлерінен жарысады.
Спартакиада жеңімпаздарын «Қызмет» Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік, банк мекемелері жəне қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кəсіподағы марапаттайды.