2022 жылғы 15 маусымда Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Заң клиникасының Павлодар қаласындағы филиалының басшысы М.Иванова Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы ұйымдастырған кәсіподақ көшбасшысы мектебінің тыңдаушылары алдында сөз сөйледі.
«Медиация туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 28 қаңтардағы № 401-IV Заңының қабылдануымен медиацияны еңбек қатынастары саласындағы жанжалды немесе дауды сотқа дейін реттеу тәсілі ретінде қолданудың бірегей мүмкіндігі пайда болды.
Бұл бірегей мүмкіндікті Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Еңбек дауларын сотқа дейінгі және соттан тыс тәртіпте реттеудің артықшылықтарын насихаттау және түсіндіру бойынша татуластыру орталықтарын ашу арқылы кеңінен қолдады.
“Мысалы, татуластыру орталығына жүгініп, көлік кәсіпорнының қызметкері жұмысқа қайта тұру, мәжбүрлі түрде жұмыстан шығу уақытын төлеу, моральдық зиянды өтеу, зейнетақы жарналарын аудару және сот шығындарын өтеу туралы талап қойды. 1 сатыдағы сот шешімімен талап қанағаттандырылды, бірақ жауапкер – көлік ұйымы Павлодар қалалық сотының шешіміне апелляциялық шағым берді. 2 сатыдағы сотта татуластыру рәсімдерінің нәтижесінде тараптар татуластыру орталығында ресімделген Медиация туралы келісімге қол қойды, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды. Әрбір кәсіподақ көшбасшысы татуласу үшін қажетті дағдыларға ие болуы, Медиация негіздерін үнемі оқып отыруы тиіс”,- деп атап өтті спикер.
Тыңдаушылар «Медиация туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормалары: медиацияны қолдану саласы, медиацияның мақсаты мен қағидаттары, медиатордың құқықтары мен міндеттері, медиация тараптарының құқықтары мен міндеттері, медиацияны жүргізу және Медиация туралы келісім жасасу рәсімі туралы толық түсінік алды.