Оралда бастауыш кәсіподақ ұйымдары арасында «Не? Қайда? Қашан?» ойыны өтті

11 мамыр-13 маусым күндері Батыс Қазақстан облысы әкімдігі, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаменті, «Қызмет» Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағы бірлесіп, 23 маусым Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған «Білімділер додасы» зияткерлік ойынын өткізді.

Ойынға облыс, қала, аудан әкім аппаратының, облыс аумағындағы департаменттерінің, басқармалардың мемлекеттік қызметшілерінен құралған 8 команда қатысып, жоғары балл алған 3 топ финалдық ойынға өтті.

Шараға облыс əкімінің орынбасары Б.Нарымбетов, ҚР мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің БҚО бойынша департаменті басшының міндетін атқарушы А.Жұбаныш, «Қызмет» Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасы С.Сүлеймен қатысты.

«Білімділер додасы» зияткерлік ойыны «Не? Қайда? Қашан?» форматында өтті. Шараның басты мақсаты қызметкерлердің жұмыстан тыс уақыты тиімді әрі пайдалы өткізіп, ойлау, критикалық мәселелер туындаған кезде тез шешім қабылдап, экстрималдық жағдайлардан шыға білу қабілеттерін шыңдау.

«Қызмет» Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасы С.Сүлеймен «Білімділер додасы» зияткерлік ойынының қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен командаларды, жеңімпаздарды марапаттады.