Шымкентте қала күні мерекесі қарсаңында «Қымызмұрындық» этно-фестивалінде «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігіне қарасты бастауыш кәсіподақ ұйымы мүшелерінен жасақталған командалар арасында «Ұлттық ойынға-ұлттық санамен» спартакиадасы өтті. Қазақтың ұлттық ойындарынан бақ сынасуға Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театры, Әзіл-сықақ және сатира театры, Орыс драма театры, Өзбек драма театрының қызметкерлері қатысты. Спартакиада барысында көне ұлттық спорт түрлері – арқан тартыс, қол күрес, серке көтеру, садақ ату, бұқа тартыс, аударыспақ, деңгене жеуден сайысқа түсіп, жеңімпаз командалар жүлделі орындар беріліп, алғыс хаттармен марапатталды.
Сайыста оза шапқан Қуыршақ театры 1 орынға ие болып – қошқар, Өзбек театры 2 орынға ие болып – бағлан, Мәдениет үйі және Жұмат Шанин театры 3 орынды иеленіп серке алып қайтса, қалған командалаларда бағалы сыйлықтарға ие болды.