ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин:
“Жаңа Қазақстанның бет-бейнесі мемлекеттік билік жүйесінің алдында өзімізге және қоғамға объективті көзқараспен қараудың өзекті қажеттілігін туғызады.
Өткен жылдардағы мемлекет пен қоғамның өзара байланыс орнату әлеуетінің жүзеге асырылмауы азаматтар үшін де, билік үшін де белгілі бір мәселелер туындатты.
Бүгінде билік заман талабына сай икемді болуға, қоғамда болып жатқан үдерістерге тез әрекет етуге және осы арқылы азаматтық қоғамға қарсы тұрмай, онымен үйлесімді қарым-қатынаста болуға тырысуда.
Басымдықтар «мемлекет жеке адам үшін» қағидасының пайдасына өзгеруде. Мемлекеттік басқару мәселесі билік пен азаматтардың әріптестік қатынастарының мәселесіне айналады.
Ел Президенті Қ.Тоқаев қазақстандық мемлекеттілікті нығайтып, сонымен бірге толыққанды азаматтық қоғамның қалыптасуына жағдай жасау бағытын дәйекті түрде жүзеге асыруда. Бұл бағыттағы басты қадамдардың бірі, әрине, халық пен билік арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін орган ретінде Ұлттық Құрылтайдың құрылуы болып табылады.
Ұлттық Құрылтайдың құрылуы «билік – қоғам – азамат» парадигмасындағы қарым-қатынастарды сапалы, жаңа деңгейге көтеру, оларды тиімді әрі нәтижелі ету міндетін қойып отыр.
Сондай-ақ, мемлекеттің жақын болашаққа арналған негізгі құралдық әлеуметтік-саяси идеясы бірігу идеясы екені де қуантады. Аса маңызды әлеуметтік-саяси мәселелерді шешуде қоғамның келісімі болмаған жағдайда мемлекет пен азаматтық қоғамның күштерін біріктіру және соның салдарынан жалпы мемлекеттің прогрессивті, қарқынды дамуы мүмкін емес екені анық.
Консенсусты қалыптастырудың дәстүрлі органдарымен қатар азаматтардың саяси үрдіске қатысуының төмен деңгейін белгілі бір дәрежеде өтейтін және қоғамды біріктіру мен әлеуметтік әріптестікті дамытудың қосымша тетіктерін құрайтын жаңа, конституциялық келіссөздер жүйесін құру бүгінгі таңда өзекті және уақтылы болып отыр.
Ұлттық Құрылтай азаматтық қоғам әлеуметтік диалог арқылы билік пен мемлекеттің іс-әрекетін олардың мүдделерімен байланыстыратын құралдардың біріне айналатынына сенімдімін.
Іске сәт, Ұлттық Құрылтай!”