2022 жылғы 15 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Елена Тарасенконың Қостанай облысының әйелдер күштері Альянсымен кездесуі өтті.
Кездесуге аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Ирина Аронова қатысты. Өз сөзінде ол кәсіподақтың гендерлік саясатының басты мақсаты еңбек етуші әйелдердің жағдайын жақсарту, әйелдердің экономикалық және әлеуметтік қызметінің түрлі салаларында еңбекақы төлеу, еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі саласында кемсітушіліктің барлық нысандарын жою болып табылатынын атап өтті.
Кәсіподақтар федерациясы өкілдерінің тікелей қатысуымен ХЕҰ-ның № 183 “Ананы қорғау туралы”, № 156 “Еңбекші ерлер мен әйелдер үшін тең қарау және тең мүмкіндіктер туралы” конвенциялары ратификацияланды.
Қазір кәсіподақтардың мақсаттары өте маңызды, Қазақстан Кәсіподақтар федерациясының гендерлік саясат жөніндегі Тұжырымдамасы қабылданды, Кәсіподақтар федерациясы жанындағы еңбек етуші әйелдер мәселелері жөніндегі комиссия жұмыс істейді. Барлық осы мәселелер бойынша Кәсіподақ орталығы Қостанай облысының әйелдер күштері Альянсымен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді. Өткен жылы Альянспен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Кәсіподақтар федерациясы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Өңірлік кәсіподақтар орталықтарының қатысуымен тағы бір маңызды мәселе – әйелдерді зиянды еңбек жағдайларында жұмыспен қамтуды реттеу туралы мәселені қарады.
Әйелдер күштері Альянсымен бірлесе отырып, кәсіподақтар ауыл әйелдерімен, көпбалалы аналармен шағын және отбасылық бизнесті ұйымдастыру мәселелері бойынша белсенді жұмыс істеуде. Қазір кәсіподақтардың дамуында тағы бір проблемалық мәселе – жасөспірімдерді жұмыспен қамту және балалар еңбегін пайдалану.