Шымкентте «Татуластыру орталығында» қылмыстық іс бойынша тараптарды қабылдау жүргізілді. Орталық маманы кездесу барысында істің мән-жайымен танысып, тараптардың уәждерін тыңдап, азаматтарға құқықтық кеңес берді.
Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңының 27 бабының 6 тармағына сай, қылмыстық процесс барысында медиацияны жүргізу кезінде тараптар қол жеткізген, дауды реттеу туралы келісім жәбірленушіге келтірілген зиянның орнын толтыру және қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамды жәбірленушімен татуластыру арқылы дауды реттеу туралы келісімді білдіреді.
Аталған келісім дереу іс жүргізуінде қылмыстық іс жатқан қылмыстық процесті жүргізетін органға жіберіледі және Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделген жағдайларда қылмыстық қудалауды болдырмайтын не оны жүзеге асырмауға мүмкіндік беретін мән-жай болып табылады.
Құқықтық кеңес алған азаматтар келісімге келу туралы ниет білдіріп, осы жөнінде медиациялық келісім рәсімделді.