«SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе облыстық филиалының қолдауымен облыста 24 мамыр мен 7 маусым аралығында медицина қызметкерлері күніне орай “Дені сау дәрігер – дені сау пациент!” ұранымен Медицина қызметкерлерінің республикалық спартакиадасы өтті.
Спартакиаданың мақсаты – медицина қызметкерлері арасында жеткілікті дене белсенділігінің маңыздылығы туралы хабардар болуды арттыру, медицина жұртшылығын дене белсенділігімен айналысуға жұмылдыру, медицина қызметкерлерінің өз денсаулығы үшін ортақ жауапкершілігін қалыптастыру және халық арасында танымал ету.
Медицина қызметкерлері күніне арналған медицина қызметкерлерінің спартакиадасы “Дені сау дәрігер – дені сау пациент!» ұранымен өтті. Жарысқа қаланың емдеу-алдын алу ұйымдарының 19 командасы қатысты. Жарыстар спорттың 8 түрі бойынша өткізілді: 1000 метр қашықтыққа жеңіл атлетика ерлер мен 500 метрге әйелдер жас санаттары бойынша, арқан тарту, тоғызқұмалақ, шахмат, дойбы, үстел теннисі, оқ ату, футбол. Іс-шаралар “Денсаулық” саябағында, “Жекпе жек” сарайында, зияткерлік спорт түрлері және футбол бойынша БЖСМ, М. Оспанова атындағы БҚММУ-де өтті.
Спартакиада қорытындысы бойынша жоғарыда аталған спорт түрлері бойынша жеңімпаздар анықталды. Емдеу-алдын алу ұйымдарының үздік командалары: Облыстық жедел шұғыл медициналық жәрдем станциясы, БСМК және Қобда аудандық ауруханасы болды. Барлық жеңімпаздарға грамоталар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.