Павлодарда медицина қызметкерлері күніне орай салтанатты жиын өтті

Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Павлодар қаласының №1 қалалық ауруханасы базасында салтанатты іс-шара өтті. Бұл күні медицина қызметкерлеріне жанқиярлық еңбегі мен ізгі тілектері үшін көптеген жылы сөздер айтылды.


Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы А.Ситказинов медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтай отырып, игі еңбегі, мейірімділігі мен ықыласы үшін шынайы ризашылығын білдірді.

«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Павлодар облыстық филиалының төрайымы С.Төлегенова медицина қызметкерлеріне жылы лебізін білдіріп, құттықтау сөз сөйледі.

Денсаулық сақтау жүйесіндегі жемісті, көпжылдық еңбегі, бірлікті нығайтуға, кәсіподақ қозғалысын және әлеуметтік әріптестікті дамытуға қосқан зор үлесі үшін, сондай-ақ Мемлекет басшысының 2022 жылды балалар жылы деп жариялауы және Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының 2022 жылды әлеуметтік әріптестік жылы деп бекітуі шеңберінде салтанатты іс-шарада Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының «Қазақстан кәсіподақтар қозғалысына сіңірген еңбегі үшін» медалімен Павлодар облыстық балалар ауруханасының директоры А.Күзеков марапатталды.

«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы» РҚБ төсбелгісімен ШЖҚ «Ертіс аудандық ауруханасы» КМК инфекционист дәрігері Р.Кусаинова, ШЖҚ «Павлодар облыстық кардиологиялық орталығы» КМК кардиохирургиялық бөлімшесінің меңгерушісі М.Райханов, ПФ «Семей медициналық университеті» КЕАҚ ішкі аурулар кафедрасының ассистенті К.Карабаева марапатталды.