Түркістанда медицина қызметкерлерінің төл мерекесі аталып өтті

Маусым айының үшінші жексенбісі – медицина қызметкерлерінің төл мерекесі. Адам өмірін ұзартуға септігін тигізіп, ажалдан арашалаушы дәрігер мамандығын халқымыз ежелден қастерлеп, құрметтеген.

Осы орайда Түркістан облысы, Сайрам аудандық орталық ауруханасының мәжіліс залында кәсіби мерекеге орай жиын өтті.

Денсаулық сақтау саласында аянбай еңбек етіп, ауданның денсаулық сақтау саласының дамуына өз үлестерін қосып жүрген үздік қызметкерлер Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы М.Пашимов, «DENSAULYQ» денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы коғамдық бірлестігінің төрағасы С.Катбаев, Сайрам ауданы әкімінің м.у.а. М.Оразалиев, «AMANAT» партиясы Сайрам аудандық филиалының Атқарушы хатшысы А.Әбдіқадыров және Сайрам аудандық орталық ауруханасы басшысының м.а. Ж.Дильдабеков атынан «Алғыс хат» және «Құрмет грамотасымен» марапатталды. Жалпы 104 медицина қызметкері марапатталды.

Сайрам аудандық орталық ауруханасының әкімшілігі және бастауыш қәсіподақ ұйымы атынан марапаттанушыларға естелік сыйлықтар және аурухананың әрбір бөлімшесіне қызметкерлер қолдану үшін электр самауырлар табыс етілді.