Медицина қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

Маусымның үшінші жексенбісінде еліміздің барлық өңірлерінде ақ халатты абзал жандар – жүздеген адамның өмірін сақтап қалған заманымыздың нағыз қаһармандарына құрмет көрсетілуде.

Медицина қызметкері күні қарсаңында кәсіподақ комитеттері медициналық ұйымдардың әкімшіліктерімен бірлесе отырып салтанатты іс-шаралар ұйымдастырды.  Ұзақ жылдар денсаулық сақтау саласында еңбек етіп келе жатқан қызметкерлер мен бүгінде лайықты еңбек демалысында жүрген медицина саласының ардагерлеріне   алғыс сөздер айтылды.

Марапатталғандардың арасында дәрігерлер, фельдшерлер, медбикелер, зертханашылар, кіші қызметкерлер – он жылдан астам уақыт бойы медицина игілігіне адал қызмет етіп жүргендер бар.
Денсаулық сақтау саласындағы еңбегі, белсенді және жемісті жұмысы үшін 40-тан астам қызметкер «SENIM «Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы» РҚБ Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттарымен, сондай-ақ «Павлодар облысының Кәсіподақ орталығы» Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің және «SENIM» кәсіподағының Павлодар облыстық филиалының Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Адал еңбегі және денсаулық сақтау саласындағы кәсіподақ қозғалысын дамытуға қосқан үлесі үшін «SENIM «Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы» РҚБ құрмет грамоталарымен марапатталды: ШЖҚ «Павлодар қаласының № 5 емханасы» КМК хирургия бөлімшесінің меңгерушісі С. Айтпаев, «Павлодар облыстық фтизиопульмонология орталығы» КМҚК пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметінің меңгерушісі, сарапшы дәрігер» – Ж.Қартмағанбетова, ШЖҚ «Ақсу қаласының қалалық ауруханасы» КМК перзентхана бөлімшесінің акушер – гинекологы-Ж.Тулева, ШЖҚ «Екібастұз қаласының № 2 емханасы» КМК Солнечный кентінің аға медбикесі -Г. Коваленко және «ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Павлодар облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті» РММ бас маманы – Г.Куниязовалар бар.

Денсаулық сақтау саласындағы көп жылғы еңбегі және «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің «Алғыс хат» кәсіподақ қозғалысын нығайтуға қосқан үлесі үшін: ШЖҚ «№ 3 Павлодар қалалық ауруханасы» КМК хирург дәрігері А.  Сатвалдин; ШЖҚ «Баянауыл аудандық ауруханасы» КМК аға медбикесі А. Қошанова, ШЖҚ «Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» КМК фельдшері – Д.Исабаев,  ШЖҚ «Май аудандық ауруханасы» КМК Баскөл ФАП учаскелік медбикесі-Г.Меденова, ШЖҚ «Ақсу қаласының қалалық ауруханасы» КМК гинекологиялық бөлімшесінің медбикесі-С.Круглова  марапатталды.

Кәсіподақ қозғалысын дамытуға және нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін «Павлодар облысының Кәсіподақ орталығы» Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің Құрмет грамоталарымен: ШЖҚ «Павлодар облыстық балалар ауруханасы» КМК реанимация бөлімшесінің меңгерушісі К. Арғынов; ШЖҚ «Екібастұз қалалық ауруханасы» КМК Жалпы терапия бөлімшесінің меңгерушісі Г. Серікбаева; «Екібастұз қалалық ауруханасы» РММ бас маманы Г. Серікбаева, ҚР ДСМ ССК Павлодар облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» – Г.Макенова , «Ажар» ЖШС медбикесі – М.Курмисинова марапатқа ие болды.