Адам жанының арашашысы ақ халатты абзал жандарға арнайы құрмет көрсетіліп, еңбектері ерекше еленді.
Мерекеге орай Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданында салтанатты шара ұйымдастырылып, өз ісінің шеберлері марапатқа ие болды. Аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы З.Бекетов білім саласында еңбек етіп жүрген медицина мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтады. Оларға білім бөлімі мен кәсіподақ ұйымының бірлескен алғыс хаты мен сыйлықтар табысталды.