Оралда мерейі үстем болған отбасы анықталды

18 маусым күні Орал қаласы, Шолохов скверіндегі жаңа амфитеатрда «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының лауреаттарын марапаттау кеші өтті.
Ұлттық байқаудың береке – бірлігі жарасқан отбасыларды насихаттауда маңызы орасан. Байқаудың қалалық кезеңіне 11 отбасы қатысты.
​Іс – шара алдымен «Балаларға базарлық» ұйымдастыру орталығының балаларға арналған көңілді ойын – сауық бағдарламасымен басталды.
​Осыдан кейін Орал қаласы әкімінің орынбасары Мирболат Сағынғалиев құттықтау сөз сөйлеп, барша қатысушыларға алғысын білдірді.


​Байқаудың қалалық кезеңінің бас жүлдесіне ие болған Балмулдиндер ұстаздар отбасына Батыс Қазақстан облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Орал қалалық комитеті – Филиалының төрағасы Төлеген Темешев құттықтап, бағалы сыйлықтар табыстады.
​Алда – облыстық кезең. Шаһар намысын Балмулдиндер мен Телегеновтер отбасылары облыстық кезеңде қорғайтын болады.