Қостанайда келісу комиссияларының мүшелері оқытылды

2022 жылдың 20 маусымында Қостанай аумақтық кәсіподақтар бірлестігі базасында Салалық теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің кәсіподағы облыстық филиалының келісу комиссияларының мүшелері оқытылды.

ҚР ЕК 159-бабының 8-тармағына сәйкес келісу комиссиясының мүшелері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану, келіссөздер жүргізу және еңбек дауларында пәтуаға қол жеткізу дағдыларын дамыту бойынша жыл сайын оқудан өтуге міндетті.

Семинар дәріскері – «DA education» ЖШС бизнес-жаттықтырушысы Әсет Дәуітов болды. Ол теміржолшыларды келісім комиссияларының жұмысы аясында жұмыс беруші мен жұмыскерлердің аспектілерімен таныстырды. Сондай – ақ ол еңбек дауларының себептері және оларды шешу кезінде қандай нормативтік құқықтық актілерді қолдану керектігі туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

«Көптеген даулы мәселелерді жұмыскер мен жұмыс берушінің арасындағы диалог деңгейінде келісім комиссияларынсыз шешуге болады. Егер олар бір-бірін тыңдап, түсінген жағдайда әрқашан бір мәмілеге келуге болады. Бірақ, егер ол мүмкін болмаса, онда келісу комиссиясына, ал мәмілеге келмесе сот органдарына жүгінуге ғана тура келеді», – деді Әсет Дәуітов.

Семинар соңында оқытуға қатысқан келісу комиссиясының 32 мүшесі – сертификаттарға ие болды.