Оралда қоғамдық қабылдау өтті

Бүгін Батыс Қазақстан облыстық кәсіподақтар орталығы жанынан ашылған Заң клиникасында Орал қалалық мәслихатының депутаты, Батыс Қазақстан индустриалды колледжінің директоры Серік Мұхамбетәлиевтің азаматтарды қабылдауы өтті.

Қоғамдық қабылдау барысында С. Мұхамбетәлиевке облыстағы мектеп, балабақша, аурухана қызметкерлері салалық кәсіподағының жетекшілері өз саласындағы шешімін таппаған мәселелерін жеткізіп, ұсыныстарын білдірді.

Аталған сұрақтар бойынша С.Мұхамбеталиев қалалық мәслихат сессиясында қойылған өзекті  мәселелердің оңтайлы шешімін табуын қарастыратынын айтты.

Батыс Қазақстан облыстық кәсіптік одағы жоғарыда аталған сұрақтар бойынша өз деңгейінде көмек көрсетіп, шешілу процесін қадағалайды.