Кәсіподақ қолдауымен аудан ұстаздары шипажайларда демалуда

Әйтеке би ауданының ұстаздары Жамбыл облысы, Мерке ауылында орналасқан “Мерке-Родон” шипажайында демалуда.

Аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы білім саласында табысты еңбек етіп жүрген кәсіподақ мүшелеріне емдеу-сауықтыру орталығына тегін жолдама табыс еткен болатын.

Шипажайда родон суымен душ, ванна қабылдау, емдік электронды массаждар, ине терапиясы, галотерапия, аэроионотерапия, парафиноозокерит, фитобочка, түрлі фито шәйлармен ем жүргізіледі.

«Ұстаздық жолымыздағы нәтижелі еңбегімізді ескеріп, осындай құрмет көрсетіп отырған кәсіподақ ұйымына алғысымыз шексіз» – дейді демалушылар.