Кәсіподақ бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін құттықтады

Бүгін  Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Динара Айтжанова салалық және жергілікті кәсіподақтар бірлестіктері филиалдарының төрағаларымен бірге облыстық «Еrtis» телеарнасының еңбек ұжымын кәсіби мерекемен құттықтады.

«Сіздің кәсіби қызметіңіздің саласы қоғамның пікірін қалыптастыруда үлкен рөл атқарады. Оның құрметті жолсерігі бола отырып, сіз Еңбек адамының үміті мен ұмтылысын қорғайсыз, еңбек құндылықтарын, жұмысшы мамандықтарын және кәсіпқойлықты насихаттайсыз. Кәсіптік одақтардың қоғамдық қызметін объективті жариялау бойынша жемісті ынтымақтастықтарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз! Сізге шығармашылық шабыт, сәтті жобалар, керемет жаңалықтар тілейміз!»- деп Д. Айтжанова журналистерді құттықтады.

Сонымен қатар, аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Облыстық «Еrtis» телеарнасының жетекшісі Гүлнәш Әбішеваны елеулі еңбегі үшін Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің Құрмет грамотасымен марапаттады.

Г.Әбішева облыстық «Еrtis» телеарнасының аумақтық кәсіподақтар бірлестігімен көпжылдық ынтымақтастығы, «Кәсіподақ қызметі» тақырыбына бағдарламалар сериясын шығару, заңнаманы түсіндіру, еңбек дауларын шешу тәртібі туралы, оларды реттеудің бейбіт тәсілдерін ілгерілету, кәсіподақ бірлестіктері көшбасшыларының осы бағдарламаларды дайындау мен шығаруға белсенді қатысуы туралы атап өтті.

Мерекелік кездесудің қорытындысы бойынша қатысушылар жұмысшы мамандықтарының құндылықтарын насихаттау бойынша одан әрі бірлескен жобалар мен қызмет бағыттарын іске асыру жоспарын анықтады.