«Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподағы» ҚБ Ақтөбе облыстық филиалының төрайымы Назира Табылдинова облыстық «Ақтөбе» газетінің өкілдерін кәсіби мерекемен құттықтады.
Салалық кәсіподақ атынан «Ақтөбе » газетінің редакторы Сәтжан Дәрібай мен газет тілшісі Индира Сәрсенғалиқызы, «Актюбинский вестник» газетінің маманы Диана Абдирова мен жазылу бөлімінің менеджері Дина Алиева Құрмет грамотасымен марапатталды.
Кәсіподақпен етене жақын жұмыс істеген әлеуметтік әріптес, серіктестік директоры Раукен Отыншиннің де бастауыш ұйымға қолдауы көп. Ұжымдық келісім шарт аясында көптеген игілікті бастамалар қолға алынуда.
Құттықтау сөзінде Назира Табылдинова баспасөз бен кәсіподақтың қарым-қатынасының тұрақтылығын сөзге тиек етті. Бастауыш кәсіподақ ұйымының жетекшісі Берік Айгелді жаңадан тағайындалса да Салалық кәсіподақпен өзара ынтымақтастықтың орныққанын айтып, кәсіподақ жетекшісіне ризашылығын білдірді.