Ерте мe кеш пе барлық адам жұмысқа орналасу проблемасына тап келетіні рас. Біреулер үшін жұмыс іздеу – қалыпты және үйреншікті жағдай болса, біреулерге бұл тосын әрі бұрын бастан кешірмеген жәйт болуы мүмкін.
Осы ретте егер сізде белгілі бір жұмыс тәжірибесі, маңызды дағдылар мен жетістіктер болса, онда достарыңыз, таныстарыңыз, қазіргі немесе бұрынғы әріптестеріңіз арасында сізге лайықты жұмыс туралы ақпарат бере алатындары болады. Алдағы уақытта сіз туралы жақсы ұсыныс жұмысқа орналасуда көп әсер етеді.
Бұдан бөлек егер сіз әлеуметтік желілерде белсенді болсаңыз, онда жұмыс іздеу туралы хабарландыру жасай аласыз және жазылушыларыңыздан жарнаманы таратуға көмек сұрай аласыз, осылайша сіздің хабарламаңыз ықтимал жұмыс берушілерге жетуі мүмкін. Бұл ретте, аккаунтыңызды қалай жүргізетініңіз бен және қандай контент жариялайтыныңыз маңызды, яғни адам ретінде және әлеуетті жұмысшы ретінде сіз туралы алғашқы көзқарасты қалыптастырады.
Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде белгілі бір қызмет салалары мен өңірлер бойынша бөлінетін көптеген жұмыс іздеу бойынша қауымдастықтар бар. Ол жерде компаниялардың өзекті бос орындар мен жұмыс берушілердің өздері ұсынған хабарландырулар жарияланады. Осындай қауымдастықтарға жазылып, үнемі қадағалап отырыңыз. Егер сіз қандай да бір жоғары мамандандырылған салада жұмыс іздесеңіз, онда қолайлы жұмыс орнын осындай жолмен табуға болады.
Егер жоғарыда аталған әдістің ешқайсысы да нәтиже бермесе, жұмыс іздеуші адам ретінде Жұмыспен қамту орталығына тіркелу қажет. Мұны egov.kz электронды үкімет порталының онлайн көрсетілетін қызметі арқылы жасауға болады.
Жұмыспен қамту орталығына қажетті құжаттар:
– Өтініш;
– Жеке куәлік;
– Еңбек кітапшасы (бар болса);
– Білімі туралы диплом (бар болса).
Сізді жұмыс іздеуші ретінде тіркелгеннен кейін Жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері түйіндемеңізді Мемлекеттік еңбек биржасының enbek.kz веб-сайтына орналастырады да, ал лайықты бос жұмыс орындары шыққан кезе, сізді сонда жібереді.
Егер сізді жұмысқа қабылдаудан бас тартса немесе ол жұмыс сізге объективті себептермен сәйкес келмесе, Жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері басқа нұсқаларды іздеуді жалғастырады.