Кәсіподақ мүшелерінің балалары сауықтыру лагерінде демалуда

Қалыптасқан дәстүр бойынша Қазақстандық Салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Қарағанды облыстық ұйымының құрамына кіретін Қазыбек би аудандық кәсіподақ комитетінің филиалы  кәсіподақ мүшелерінің балаларына жазғы демалыс және сауықтыру ұйымдастыруда.


Қазыбек би ауданының білім беру қызметкерлерінің 20 баласы жолдамамен «Camp Fiesta» (Бурабай) жазғы сауықтыру лагерінде демалып жатыр.
Апта бойы балаларды ұйымшылдыққа және көшбасшылық қасиеттерді анықтауға арналған қызықты тренингтер, таза ауадағы спорттық ойындар, логикалық квесттер, шығармашылық конкурстар, тақырыптық кештер, жалынды дискотекалар, алау жанында гитарамен орындалатын әндер, шолу экскурсиялары, Абылай Хан тауына шығу күтіп тұр, сондай-ақ сапар барысында балалар Қазақстанның інжу-маржаны-Бурабай аңыздарын таниды.