Еңбеккер бейнесінде- карьер көлігінің жүргізушісі Мұратбек Әбжанов

Карьер көлігінің жүргізушісі-жұмысшы мамандар қатарында алатын орны бөлек мамандық. Шынында да, карьерде  жүздеген тонна тау жыныстарын тасымалдауға арналған үлкен жүк көліктерін басқаруда үлкен жауапкершілік пен байыпты көзқарасты қажет етеді.

Мұратбек Ағзамұлы Әбжанов 1960 жылы Қостанай облысы Семиозер ауданының Киров атындағы колхозында туған. 1981 жылы Жітіқара қаласындағы №166 кәсіптік-техникалық училищені автомобиль кранының машинисі мамандығы бойынша бітірді. Ол оқуды аяқтағаннан кейін “Қостанай минералдары” АҚ-ға автокөлік жөндеу жөніндегі слесарь ретінде жұмысқа орналасып, кейін БелАЗ автокөлігінің жүргізушісі болып ауыстырылды. Міне, автокөлік кәсіпорнында 41 жылдан бері еңбек етіп келеді және осы уақыт ішінде ол бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшесі болып табылады.

Әріптестерінің айтуынша,  Мұратбек Әбжанов  өзінің сүйікті ісіне байсалды қарайды, қажет болған жағдайда жауапты шешімдер қабылдайды. БелАЗ көлігін жүргізу дағдыларын шебер меңгерген. Жоспарланған тапсырмаларды сапалы және белгіленген мерзімде орындайды. Көлікті үнемі тексеріп, егер ақаулықтар болса, зейінділігімен жөндейді. Ол жастардың тәлімгері, жақсы әке, әрқашан адамдарға мейіріммен қарайды. Іскерлік, еңбекқорлық қасиеттерімен құрмет пен беделге ие.

Көп жылғы адал еңбегі, жоғары кәсібилігі, ұжымның қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін комбинат басшылығы оны ақшалай сыйлықтармен, грамоталармен, алғыс хаттармен бірнеше рет марапаттады. 2000 жылы М.Әбжанов “Құрмет тақтасына” ілінді. Оған 2005 жылы “Еңбек ардагері” атағы , ал 2010 жылы “Кенші даңқы” төсбелгісі табысталды.