«Қалың қалай, бастауыш ұйым?»: «Батыр Көмірдің» ұжымдық шарты – еліміздегі ең әлеуметтік-бағдарланған келісімдердің бірі

«Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында ҚРКФ төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Тінікеев «Қазкөміркәсіп» салалық көміршілер кәсіподағы «Батыр Көмір» жергілікті кәсіподағының мүшелерімен кездесті.

Кездесуді ашқан Павлодар облысы Кәсіподақ орталығының төрағасы Динара Айтжанова «Батыр Көмір» жергілікті кәсіподағы Екібастұз қаласының кеншілері арасында ежелден келе жатқан тарихы бар екенін атап өтті.

Кәсіпорындағы кәсіподақ мүшелерінің саны бүгінде 3500 адамды құрайды.

Жиынға қатысушыларға «Батыр Көмір» жергілікті кәсіподағының төрағасы Сергей Михайлюк еңбекшілердің мүддесін қорғау шаралары туралы айтып берді.

Ең алдымен ол компанияның қазіргі Ұжымдық шарты Қазақстандағы ең әлеуметтік бағдарланған келісімдердің бірі екенін атап өтті. Қазіргі уақытта жаңа Ұжымдық шарт жасау жұмыстары жүргізілуде.

Материалдық қолдау туралы айта келе, төраға жергілікті кәсіподақтың ардагерлері мен зейнеткерлеріне қайырымдылық көмек көрсетілетін, қызметкерлерге емделуге материалдық көмек берілетінін, жаңа жылға балалар сыйлықтарын және басқа да іс-шараларға сатып алатынын айтты.

Сонымен қатар кәсіподақ мүшелері балаларды «Қарлығаш» балалар сауықтыру орталығына жеңілдікпен демалысқа жіберуге мүмкіндік алды.

Кәсіподақ түрлі деңгейдегі жарыстарға қатысатын спортшыларға да айтарлықтай қолдау көрсетеді.

«Батыр Көмір» ЖШС ұжымында салауатты өмір салтын қолдау үшін,  «Батыр Көмір» жергілікті кәсіподағы 2021 жылға арналған «Промсервис – Отан» жабық мұз айдынын жалға алу шартын ұзартты. Жыл басынан бері мұз айдынына 372 қызметкер мен олардың отбасы мүшелері тегін келді. Сонымен қатар, кәсіподақ №10 орта білім беру мектебінің бассейніне тегін кіруге келісім жасалып, оған 377 қызметкер келген. Бассейн мен тұзды үңгірге тегін бару мүмкіндігі кәсіподақ ардагерлері үшін де жасалды», – деді Сергей Михайлюк.

Кәсіподақ ұйымының жұмысында еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және өндірістік жарақаттанудың алдын алуға ерекше назар аударылған.

2022 жылдың бірінші тоқсанында техникалық инспекторлар 1146 тексеру жүргізді, оның барысында еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерінің 2099 бұзылуы анықталды.

«Мұнда мамандандырылған оқу орындарында қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселелері бойынша жүйелі түрде оқытылатын жергілікті кәсіподақтың 105 техникалық инспекторы басты рөл атқарады.Техникалық инспектордың қызметін атқарғаны үшін қосымша ақы жұмыс берушінің қаражатынан төленеді», -деп атап өтті Сергей Михайлюк.

 

Кәсіпорынның техникалық инспекторларының жұмыс тақырыбын «Батыр  Көмір» ЖШС еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау басқармасының бас маманы Әділ Ибраев жалғастырды.

Оның айтуынша, биыл кәсіпорында жұмыс берушінің 100% кінәсі бар бес жазатайым оқиға орын алған.

Жиын барысында кәсіподақ мүшелері еңбек жағдайын жақсарту, соның ішінде сатып алынатын арнайы киімдердің сапасын және тау көліктерінде орнатылған кондиционерлердің ақауларын жою мәселелеріне тоқталды.

Өз кезегінде «Қазкөміркәсіп»  көміршілер салалық кәсіподағының төрағасы Марат Миргаязов шахтерлердің зейнет жасын төмендетудің, мүгедектер үшін көзделген төлемдерді қамтамасыз етудің, сондай-ақ кеншілер өндірістік жарақат алған жағдайда жұмыс берушінің бірыңғай 100% кінәсін белгілеудің маңыздылығына назар аударды. Сонымен қатар, инфляция мен девальвацияны ескере отырып, кеншілердің жалақысын көтерудің маңыздылығы да айтылды.

Баяндамашыларды тыңдаған Мұхтар Тінікеев зейнет жасын төмендету мәселесінің өзектілігін атап өтіп, бұл мәселе Кәсіподақтар федерациясының күн тәртібінде тұрғанын айтты.

Өндірістегі жазатайым оқиғалар мәселесі туралы ай келе, ол қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау жауапкершілігі бірінші кезекте кәсіпорын басшысына жүктелуі тиіс екеніне тоқталды.

Сондай-ақ, ҚРКФ төрағасының бірінші орынбасары Кәсіподақтар федерациясы барлық алаңдарда ең төменгі жалақыны көтеру және оны айқындау әдістемесін әзірлеу қажеттігі туралы мәлімдеп отырғанын айтты.

«Халықаралық еңбек ұйымы Кейтц индексін бекітті, оған сәйкес ең төменгі жалақы орташа жалақының 50%-ын құрауы тиіс. Егер бүгінгі таңда Қазақстанда орташа жалақы 270 мың теңгені құраса, онда ЕТЖ 135 мың теңгені құрауы тиіс. Бізде ЕТЖ орташа жалақының 20% – ын құрайды», – деп атап өтті Мұхтар Тінікеев.

Оның айтуынша, Кәсіподақтар федерациясы 16 178 басауыш кәсіподақ ұйымына біріккен, өз қатарларында 1 миллион 638 мыңнан астам кәсіподақ мүшесі бар ең ірі қоғамдық ұйым бола отырып, әлеуметтік әріптестіктің барлық деңгейінде еңбекшілердің мүддесін ілгерілетуге ерекше көңіл бөледі.

«2021 жылдың наурыз айында ҚР Үкіметі, жұмысшылар мен жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері арасында Бас келісімге қол қойылды. Алғаш рет келісім жобасын үш республикалық кәсіподақтар бірлестігі бірлесіп әзірледі. Бірыңғай майданда біз Бас келісімге жалақыны міндетті индекстеу, ең төменгі жалақыны кезең – кезеңімен арттыру туралы нормаларды енгізе алдық», – деп атап өтті Мұхтар Тінікеев.

Сонымен қатар, ол әлеуметтік серіктестермен өзара қарым-қатынасты жетілдіру, еңбек және кәсіподақ заңнамасына өзгерістер енгізу, еңбек дауларының алдын алу, халықаралық диалогты дамыту және Еңбек адамының әлеуметтік көңіл-күйін жақсарту жөніндегі басқа да бастамалар бойынша ҚР Кәсіподақтар федерациясы қызметінің негізгі бағыттары туралы айтып берді.

 

ҚР Кәсіподақтар федерациясының медиаорталығы