«Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы қоғамдық бірлестігі Шардара аудандық филиалының төрайымы Бақтыгүл Биманованың ұйымдастыруымен «Қасиет» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының ғимаратында ардагерлер мен мемлекеттік қызметшілер, мүмкіндігі шектеулі жандар арасында бильярд, шахмат, дойбы, стол теннисі, тоғызқұмалақтан жарыс өтті.
Жарысқа қатысушыларға аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Қыстау Ілесов, орталықтың директоры Жұмабек Қабылов, Шардара аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің жасақтау бөлімшесінің бастығы, капитан Мұхит Сүндетов сәттілік тіледі.
«Алуан түрлі жүйрік бар әліне қарай шабатын» дегендей жарысқа қатысушылар өздерінің қабілет-қарымына, дайындығына қарай жүлделі орындарға ие болды.
Атап айтқанда:
ерлер арасында стол теннисінен еңбек ардагері Әзімбай Сәрсенбаев 1-орын; Шардара аудандық мәслихатының қызметкері Нұрсұлтан Айдарбеков 2-орын; Шардара аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Мейіржан Кошимов 3-орынға ие болды.
Стол теннисінен қыздар арасында 1-орын Шардара аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Орынша Қалшабекова; 2-орын Злиха Арыстанова; 3-орынды Сапаркүл Ахметова қанағат тұтты.
Шахматтан: Құрманбай Изатулла 1-орын; Сариев Есенгелді 2-орын; Ибрагимов Мақсат 3-орынға лайық деп танылды.
Дойбыдан:1-орын Бегалиев Қанат; 2-орын Утаев Сейітбек; 3-орынды Көбекова Адаскүл иеленді.
Тоғызқұмалақтан: 1-орын Әбдрахманова Махаббат; 2-орынды Жүсіп Сәулеге бұйырды.
Ерлер арасында тоғызқұмалақтан 1-орын Төлебаев Өнербай; 2-орын Смайлов Ерланға бұйырды.
Бильярдтан: 1-орын Тілепов Ауғанбек; 2-орын Оспанов Зұлыпхар; 3-орынға Мырзагелдиев Тәжібай ие болды.
Жеңімпаздар мен жарысқа қатысушылардың бәрі ұйымдастыру алқасының арнайы Дипломы мен бағалы сыйлықтарына ие болды.