Қызылорда облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының ұйымдастыруымен 2022 жылдың 20-25 маусым аралағында «Бастауыш кәсіподақ ұйымы: жаңа бастамаларға бетбұрыс» тақырыбымен бастауыш кәсіподақ төрағаларына арналған семинар өтті.
Семинар Арал ауданындағы «Наурыз» демалыс орнында өткізіліп, үш ауысымда барлығы 160 сала қызметкерінің біліктілігін арттыру жұмыстары жүргізілді. Оқыту барысында көп жылдық практикалық тәжірибесі бар мамандар, оның ішінде: Қызылорда облыстық бақылау жөніндегі басқармасының еңбек инспекторы, «Өрлеу» кәсіби даму интитутының тренері, ұйым заңгерлері, және есепшілер өз тәжірибелерімен бөлісті. Және де «ҚР Еңбек кодексінің қолдану тәртібі» «Көшбасшылық құзыреттілікті арттыруда менеджмент пен басқарудың заманауи тәсілдерін жетілдіру», «Қазіргі заманғы бұқаралық мәдениет ұғымы, даму тенденциясы», «Қызметкерлерді кәсіподаққа ынталандыру және кәсіподақ мүшелерінің белсенділігін арттыру технологиясы» , «Жалақы және оның жасақталу тәртібі», «Бастауыш кәсіподақ ұйымы жұмысының негізгі бағыттарының ерекшеліктерімен жетілдіру жолдары» тақырыптарында дәріс оқыды. Біліктілік арттыру семинары аяғында сала қызметкерлеріне «Өрлеу» кәсіби даму интитуты мен Білім кәсіподағының арнайы сертификаты табыс етілді.
Бастауыш кәсіподақ төрағалары өнімді жұмыс болғанын алға тартып, семинар аясында алған білімдерін алдағы уақытта ұжым мүшелерінің еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғауға жұмсайтынын жеткізді.
Айта кетейік, Қызылорда облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының құқықтық біліктілік арттыру жұмыстары әрі қарай тамыз айында жалғасын табады.