Павлодарда салалық, жергілікті, бастауыш кәсіподақ ұйымдары филиалдарының төрағаларының қатысуымен диалог алаңында ҚР СТ ІЕС 61882 «Тәуекел менеджменті. Қауіп пен өнімділікті зерттеу. Қолданбалы нұсқаулық» ұлттық стандарт жобасы талқыланды.
«ҚР СТ ІЕС 61882 стандарты HAZOP зерттеуін жүргізуді суреттейтін өнеркәсіптің түрлі салалары үшін көптеген мысалдарды қамтиды. HAZOP зерттеуінің қолдану саласы бағдарламалық қамтамасыз етуді, операцияларды орындау рәсімдері мен әртүрлі реттіліктерді зерттеуді, өнеркәсіп салаларындағы түрлі әкімшілік рәсімдерді бағалауды, келісімшарттар мен басқа да заңды құжаттар жобаларын тестілеу мен жақсартуды қамтиды», – деп атап өтті Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Д.Айтжанова.