Кәсіподақ қолдауымен ұстаздарға демалыс ұйымдастырылды

Ақтөбе облысының Байғанин ауданы білім қызметкерлері кәсіподағының қолдауымен педагогтердің кезекті тобы жазғы демалыстарын Сарыағашта орналасқан “Айша-Бибі” шипажайында өткізді.


Демалыс орны кәсіподақ мүшелерінің бос уақытының пайдалы әрі көңілді өтуіне ерекше назар аударған.

Ұстаздар әртүрлі емдік процедуралар қабылдап, денсаулықтарын нығайтты. Сонымен қатар, шипажайда түрлі спорттық сайыстар, өнер байқаулары, ойындар ұйымдастырылған. Жеңімпаздарға жүлде ретінде ақылы ем түрлері берілген. Мұғалімдер жанға жайлы демалыс сыйлап, қолдау көрсеткен кәсіподақ ұйымына алғыстарын жеткізуде.