«Су маржанын» сүзгендер мерекесі

Жыл сайын елімізде шілде айының екінші жексенбісінде балықшылар күні аталып өту дәстүрге айналды. Біреулер үшін балық аулау – ермек болса, енді біреулері үшін кәсіп. Жайық-Каспий облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясы, Жайық-Атырау бекіре балық өсіру зауытының және бассейндік инспекциясы аудандық филиалдары қызметкерлерінің қатысуымен «Балықшылар күні» мерекесі аталып өтілді.


Атаулы мерекеге байланысты өткен шарада сала үздіктері мен ардагерлеріне құрмет көрсетілді. Кәсіби мереке күні осындай құрметке ие болғандардың қатарында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған Батыс Қазақстан облысы бойынша балық инспекциясының бас маманы Қайрат Ибраев, Балық шаруашылығы комитеті төрағасының «Алғыс хатына» ие болған Атырау бекіре балық өсіру зауытының машинисі Бақытжан Идрисов, «LTD Шәміш Сүлейменов» ЖШС директоры Сайлау Жұбанышев, Ақ Жайық балық инспекциясының бас маманы Геннадий Картунов бар.

Сондай-ақ, бір топ сала қызметкерлері мен ардагерлеріне бассейндік инспекцияның сый-сияпаттары көрсетілді. Ауыл шаруашылығы қызметкерлері салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің «Елеулі еңбегі үшін» медалімен кәсіподақ белсенділері Әли Ниязов пен Айгүл Кишекенова марапатталды.