Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің татуласу орталығында ынтымақтастық туралы Меморандумды орындау шеңберінде Павлодар облыстық мәслихатының депутаты Дулат Әбетжанов өтініш берушілерді қабылдауды өткізді.
Өтініш берушілер балабақша тәрбиешісін жұмысқа орналастыру, сауықтыру жәрдемақысын төлемей еңбек шартын бұзу заңдылығы, шалғай ауылдық жерлерге 6 шақырым жол салу, бау-бақша серіктестігінде су беру көлемін ұлғайту, атаулы әлеуметтік көмек алу мәселелері бойынша жүгінді.
Өтініш берушілер еңбек заңнамасы және әлеуметтік қолдау көрсету мәселелері бойынша заңгерлік кеңес алды, қалған мәселелер бойынша депутаттың өтініші ресімделіп, уәкілетті органдарға жіберіледі.
Барлық өтініштер кәсіподақтардың татуластыру орталығының тұрақты бақылауына алынды.
Қабылдауға татуласу орталығының басшысы М.Иванова қатысты. «Өңірдің аумақтық кәсіподақтар бірлестігі атынан Дулат Әбетжановқа Еңбек адамының құқықтарын қорғау бойынша бірлескен тиімді жұмысы үшін зор алғысымызды білдіреміз!», – деді Павлодар облыстық аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Д.Айтжанова.