Құрбан айт мерекесінде кәсіподақ қайырымдылық шарасын ұйымдастырды

«Аqtobe su-energy group» мекемесінің бастауыш кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен Құрбан айтта бастауыш ұйым мүшелерінің отбасыларына ет пен азық-түлік пакеттері таратылды.


«Ізгілік пен мейірім мерекесі – Құрбан айт күллі мұсылмандардың зор қуанышпен күтетін қасиетті мейрамы. Бұл күндері көмекке мұқтаж отбасыларға қолдау көрсетуді өзімізге парыз санадық», – дейді ТКШ және құрылыс саласы еңбеккерлерінің Салалық кәсіподағы Ақтөбе филиалының төрағасы Қуанбай Коктов.

Құрбан айт мерекесі адамдарды діні мен ұлтына, сенімі мен нәсіліне қарамай біріктіреді. Мерекеде бастауыш ұйым мүшелері бәрі де ақ көңілмен, таза пейілмен Аллаға шүкірлік айтып, бір-біріне ізгі тілектерін арнады. Сауапты іс ұйымдастырған кәсіподақ жетекшілеріне ризашылықтарын білдірді.