Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Дүйсенбай Тұрғанов Павлодар облысына жұмыс сапары аясында «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ 3-ЖЭО еңбек ұжымымен кездесті.
Кездесуде еңбек ұжымының өкілдері энергетиктерге әлеуметтік пакет белгілеу, бір жылға жұмыс қорытындысы бойынша жалақы төлеу, жыл сайынғы еңбек демалысына сауықтыру жәрдемақысы, жалақыны арттыру, энергетиканы дамыту мен тарифтік саясат арасындағы теңгерімді іздестіру, зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары бар өндірісте жұмыс істейтін қызметкерлердің жасына байланысты зейнетақы ресімдеу үшін зейнетақы жасын төмендету үшін қолданыстағы монополияға қарсы заңнамаға өзгерістер енгізу туралы мәселелерді көтерді.
Кездесуге Павлодар облыстық аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Д.Айтжанова және «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» энергожүйесі қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ төрағасы Б.Төлеубаев қатысты.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ кәсіпорындарының әрбір қызметкері үшін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Д.Тұрғановтың жеке қабылдауына жазылу мүмкіндігі берілді.
Жеке қабылдауда өтініш берушілер депутаттың назарын төмен жалақыға аударды. Барлық өтініштер толық шешілгенге дейін тұрақты депутаттық бақылауға алынды.