«Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі мен «ЕуроАзиялық медиация орталығы» қоғамдық бірлестігі арасында өзара ынтымақтастық және «Татуласу орталығының», «Заң клиникасының» жұмысын ұйымдастыру мәселелері бойынша әрекеттесу жөнінде Меморандум түзілген. Осы меморандум негізінде «Татуласу орталығы» және «Заң клиникасында» азаматтарды қабылдау тұрақты түрде жүзеге асырылып келеді.
Осы орайда, аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің жанындағы Татуласу орталығының қызметіне өз аты-жөнін жарияламауды сұраған Түркістан облысы, Жетісай қаласының тұрғыны Н есімді азаматша Заң аясында құқықтық көмек көрсетуді сұранып жүгінді. Азаматшаның айтуынша, жұбайының Нұр-Сұлтан қаласындағы құрылыс компаниясында жұмыс атқару барысында орын алған жазатайым оқиға салдарынан қаза тапқанын, алайда бүгінгі күнге дейін жұмыс беруші компания тарапынан жұбайының қазасына төленуге тиісті өтемақы төленбегендігін айтып өз уәжін білдірді.
Орын алған жағдайға байланысты татуласу орталығының қызметкерлері істің мән-жайын тыңдап, ұсынылған құжаттармен танысты. Нәтижесінде, татуласу орталығының қызметкерлерімен азматшаға Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңының талаптары түсіндіріліп, еңбек заңнамасы бойынша құқықтық кеңес беріліп, тиісті инстанцияға өтініш рәсімдеуіне сүйемелдеу жасалды.