Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің «Татуласу орталығында» ынтымақтастық туралы Меморандумды орындау шеңберінде «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі, Павлодар облыстық мәслихатының депутаты Марина Стрелковская өтініш берушілерді қабылдады.
Өтініш берушілер қала аумағын абаттандыру, әйелдердің зейнеткерлік жасын төмендету, пәтер иелері кооперативінің жұмысын жақсарту, балалар алаңын орнату, санаторлық-курорттық емделу мәселелері бойынша өтініш білдірді. Сонымен қатар, өтініш берушілер еңбек заңнамасы және әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша кеңес алды.
Барлық өтініштер кәсіподақтардың татуластыру орталығының бақылауына алынды.
Қабылдауға «Татуласу орталығы» басшысы М.Иванова қатысты.