Құрбан айт мерекесі аясында «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1» ЖШС кәсіподақ ұйымы әкімшілікпен бірлесіп мұқтаж жандарға көмек көрсетті. Азық-түлік жиынтықтары №5, 9 және №11 орта мектеп оқушыларының ата-аналарына берілді, сондай-ақ пакеттер кәсіпорын қызметкерлеріне, олардың арасында көпбалалы отбасылар мен өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға таратылды. Барлығы 105 азық-түлік жиынтығы таратылды, оған бірінші қажеттіліктегі өнімдер кірді.
Станцияның кәсіподақ ұйымының төрайымы Т.Чигвинцева: «МАЭС-1-нің осындай маңызды мерекеде көмек көрсетуі дәстүрге айналды. Станция қызметкерлерінің өзгенің қайғысынан шетте қалмауы және әрқашан қолдан келетін көмек көрсетуге дайын болуы өте маңызды».