2022 жылдың 15 шілдесінде облыс әкімінің бірінші орынбасары О.Кругтің төрағалығымен өткен Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Павлодар облыстық комиссия отырысында «2022 жылы Ұлттық жобалар шеңберінде жұмыс орындарын құру туралы», «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы АФЗ-да өндірістік жарақаттанудың алдын алу, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы», «Павлодар облысының Кәсіподақ орталығы» Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің облыстық үшжақты келісім міндеттемелерін орындауы мәселелері қаралды.
Жиын барысында «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы АФЗ кәсіпорнының еңбекті қорғау жөніндегі бас техникалық басшысы Б.Ищановтың ақпаратымен танысты.
«Ақсу ферроқорытпа зауытында жыл сайын еңбекті қорғау бойынша кешенді іс-шаралар жоспары әзірленеді және бекітіледі. Еңбек ұжымы тарапынан қауіпсіздік мәдениетін арттыру үшін сәйкессіздіктерді анықтау және сигналдық парақтарды тіркеу арқылы еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелеріне саналы түрде тарту рәсімі енгізілді, онда жұмыскерлермен жұмыс орындарында еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік жағдайын жақсарту бойынша тақырыптар ұсынылады. 2021 жылы қызметкерлер еңбек жағдайларын жақсартуға 30 мыңнан астам ұсыныс пен бастама беріп, олар бойынша 180 миллион теңгеден астам қаражат төленді.
Зауытта жұмыскерлерде жұмысты орындау барысында қауіпті мінез-құлықты немесе оның жұмыс орнындағы қауіпті жағдайларды анықтау үшін қауіпсіздіктің мінез-құлық аудитін жүргізу рәсімі әзірленді. 2021 жылы биіктікте жұмыс жасау кезінде жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қауіпсіздік анкерлік жүйелерін орнату бойынша жұмыс жүргізілді.
Өндірістік кеңестің құрамында қоғамдық бақылауды еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлар жүргізеді», – деп хабарлады Б.Ищанов.
Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Д.Айтжанова облыстық аумақтық кәсіподақтар бірлестігі облыстық үшжақты келісім бойынша қабылдаған міндеттемелердің орындалуы туралы хабардар етті.
«Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі жыл сайын практикалық жұмыс тәжірибесімен алмасу бойынша оқыту іс-шаралары мен дөңгелек үстелдерді ұйымдастыруға ерекше көңіл бөледі. Қызметкерлер мен жұмыс берушілер үшін еңбек заңнамасының негіздерін түсіндіру, еңбек жанжалдарында консенсусқа қол жеткізу бойынша келіссөздер жүргізу дағдыларын дамыту бойынша бірлескен семинарлар мен тренингтер өткізіледі. Егер 2020 жылы 1700 қызметкер оқумен қамтылса, 2021 жылы 8500 қызметкер қамтылды, бұл өткен жылдың көрсеткішінен төрт есе артық. 2022 жылы 2 500-ден астам қызметкер оқытылды. 2022 жылы қызметкерлер мен жұмыс берушілер үшін еңбек заңнамасының негіздерін түсіндіру, еңбек жанжалдарында консенсусқа қол жеткізу бойынша келіссөздер жүргізу дағдыларын дамыту бойынша 46 бірлескен семинар өткізілді», – деді кәсіподақ төрағасы.
Қаралған мәселелердің қорытындысы бойынша комиссия тиісті шешім қабылдады.