«Еңбек жолы» байқауы жалғасып жатыр

Қоғамдағы Еңбек адамының мәртебесін арттыру, ұрпақтар сабақтастығын сақтау, кәсіпорындар мен ұйымдарда жаңа еңбек әулеттерін қалыптастыру үшін жағдайлар жасау, жастарды еңбекті құрметтеу рухында тәрбиелеу мақсатында Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясымен бірлесіп, өңірлік және республикалық деңгейлерде «Еңбек жолы» байқауын өткізуде.


Осы орайда Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ермек Алпысовтың төрағалығымен өңірлік деңгейдегі конкурстың жеңімпаздарын анықтау жөніндегі өңірлік комиссияның отырысы өтті, оған әлеуметтік әріптестер – аумақтық кәсіподақтар бірлестіктерінің, кәсіпкерлер мен мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Қарағанды облысының Еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасының басшысы Ирина Любарская өңірлік комиссия мүшелерін «Еңбек жолы» байқауына қатысу үшін өңірлік деңгейде өтінім берген 28 үміткер туралы хабардар етті.

Жан-жақты талқылау мен пікір алмасудан кейін өңірлік деңгейдегі жеңімпаздар туралы алқалық шешім қабылданды.