Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Павлодар облыстық филиалының төрайымы Гүлбарам Науразбаеваның бастамасымен “Фаворит” АЖ тиімді пайдалану бойынша онлайн режимде диалог алаңы өтті.
Іс-шараға Павлодар облысының қалалары мен аудандарының білім беру және ғылым мекемелерінің басшылары, ҚБ филиалдарының және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары және бұлтты бухгалтерия жұмысы саласындағы басқа да стейкхолдерлер қатысты.
Модератор – кәсіподақтың бас маманы Гүлшат Оралқызы болды. Аталған алаңның спикерлері Нұр-Сұлтан қаласынан келген қонақтар, “Фаворит” АЖ жобасының жетекшісі Санжар Сүйіндіков, клиенттерді қолдау сервисі жөніндегі атқарушы директор Мәди Хайрушев, басшының клиенттерді қолдау жөніндегі орынбасары Саруар Емелалина болды.
Спикерлер өз сөзінде тыңдаушылардың назарын ақпараттық жүйені пайдалану тиімділігінің негізгі аспектілеріне және білім және ғылым қызметкерлеріне жалақы есептеу, жәрдемақы төлеу және басқа да ақшалай операциялар ерекшеліктеріне аударды.
Барлық қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді.