Кәсіподақ мүшелерінің балаларына жазғы демалыс ұйымдастырылды

Білім қызметкерлері балаларының жазғы уақыты барынша тиімді өтуіне Нұра ауданының білім қызметкерлері кәсіподағының аудандық ұйымы барынша қамқорлық жасайды.


Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы жариялаған әлеуметтік әріптестік жылы аясында Нұра аудандық кәсіподақ комитеті кәсіподақ мүшелерінің 20 баласының 10-15 шілде аралығында «Фиеста- Боровое» атты Көкшетау балалар лагеріне сапарын ұйымдастырды.

Лагерь тәлімгерлерінің басшылығымен демалыс қызықты іс-шараларға толы болды. Сонымен қатар, туристік жорықтар кезінде қатысушылар Бурабайдағы тамаша жерлердің әсемдігімен тамсанды.