Батыс Қазақстан облыстық Кәсіподақтар орталығы жанынан ашылған Заң клиникасында облыстық мәслихат депутаты, Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының әлеуметтік-мәдени және білімді дамыту тұрақты комиссиясының төрайымы Алия Салиеваның азаматтарды қоғамдық қабылдауы өтті.
Қоғамдық қабылдау барысында Алия Өтемісқызына облыстың білім беру, мәдениет және денсаулық сақтау орындарының қызметкерлері өз саласындағы шешімін таппаған өзекті мәселелерді жеткізіп, ұсыныстарын білдірді. Аталған сұрақтар бойынша Алия Салиева облыстық мәслихат сессиясында бұл мәселелерді көтеріп, оңтайлы шешімін шығаратынын айтты.
Батыс Қазақстан облыстық кәсіптік одағы өз кезегінде жоғарыда аталған сұрақтар бойынша өз деңгейінде көмек көрсетіп, шешілу процесін қадағалайды.