Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің Татуласу орталығында 2022 жылғы 18-22 шілде аралығында Павлодар қалалық мәслихатының депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері өтініш берушілерді қабылдайды.
Осы орайда Павлодар қалалық мәслихатының депутаты, «AMANAT» партиясының Павлодар қалалық филиалының атқарушы хатшысы Айгүл Маликова өтініш берушілерді қабылдады.
Өтініш берушілер Халыққа қызмет көрсету саласындағы микрокәсіпкерлік бағдарламаларын іске асыру, аз қамтылған отбасыға тұрғын үй алу үшін кезекке қою, заңсыз шеттету себебі бойынша жұмысқа рұқсат беру мәселелері бойынша жүгінді.
Өтініш берушілер әлеуметтік қолдау және еңбек заңнамасын қолдану мәселелері бойынша кеңес алды.
Барлық өтініштер кәсіподақтардың татуластыру орталығының бақылауына алынды.
Қабылдауға Татуласу орталығының басшысы М.Иванова қатысты.
Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі атынан Айгүл Қайыртасқызына адам құқықтарын қорғау бойынша бірлескен тиімді жұмысы үшін алғыс хат табыс етілді.