Искакова Алтынкүл Әмірханқызы – Павлодар жедел шұғыл жәрдем станциясының дәрігері, «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Павлодар филиалының мүшесі. 1996 жылы Қарағанды қаласының «Мемлекеттік медицина академиясын» «Емдеу ісі» мамандығы бойынша бітіргеннен және интернатурадан өткеннен кейін, 1997 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін жұмыс істейтін Павлодар облысының Жедел медициналық жәрдем станциясында еңбек жолын бастады. Жедел жәрдем станциясында жалпы жұмыс өтілі – 24 жыл.
Дәрігерлердің біліктілігін арттыру курстарында өзінің кәсіби білімін үнемі арттырып отырады. Жедел және шұғыл медициналық көмек терапевті мамандығы бойынша жоғары біліктілік санатты дәрігер сертификатына ие.
Алтынкүл Әмірханқызы жедел медициналық көмек көрсетудің барлық күрделі мәселелері бойынша жұмыс жеделдігін, ауруханаға жатқызуды бақылайды, фельдшерлерге кеңес береді. Бригада жұмысына бақылау жүргізеді.
Жас мамандарға тәлімгер ретінде көп жылғы тәжірибесімен бөліседі. Медицина қызметкерлерінің ұжымдық жұмысын қолдайды және дамытады. Станция қызметкерлерімен конференциялар мен семинарлар өткізеді. Зерттеу мен емдеудің заманауи әдістерін іс жүзінде игерді және қолданды. Ұйымдастырушылық қабілеті және жоғары жауапкершілік дәрежесі бар. Станцияның қоғамдық өміріне белсенді қатысады. Жемісті еңбегі, денсаулық сақтауды дамытуға қосқан үлесі, Қазақстан Республикасы халқының денсаулығын қорғау ісіндегі ерекше еңбегі үшін жедел медициналық жәрдем станциясының Құрмет грамотасымен бірнеше рет марапатталған.
Алтынкүл Әмірханқызы Павлодар облысының Жедел медициналық жәрдем қызметін дамытуға елеулі үлес қосты. Өзінің көп жылғы адал еңбегі, жоғары іскерлік және адами қасиеттері үшін әріптестер арасында құрметке ие болды.