«Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының төрағасы Мирболат Жақыповтың тапсырмасы бойынша кәсіподақтың Қарағанды облыстық филиалы Қарағанды облысының статистика қызметкерлері жергілікті кәсіподағының төрағасы, «Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің ұлттық статистика бюросы Қарағанды облысы бойынша департаментінің» РММ баға статистикасы басқармасының басшысы Елена Черногорованы мерейтойымен салтанатты түрде құттықтап, адал еңбегі үшін алғыс білдірді.
Елена Олеговна көптеген жылдар бойы жоғары кәсіби мемлекеттік қызметші және кәсіподақ көшбасшысы болып табылады, кәсіподақ ұйымында 115-тен астам қызметкерді біріктіре отырып, статистика саласы қызметкерлерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша үлкен қоғамдық жұмыс жүргізеді, жас мамандар үшін тәлімгер болып табылады.
Кәсіподақ жұмысы қызметкерлердің әлеуметтік-еңбек қатынастарын дамытудағы бастамаларын қолдайтын Қарағанды облысы бойынша аумақтық департамент басшысы Жанат Садықовамен орнатылған әлеуметтік әріптестікте ұжымдық шартты орындай отырып жүргізіледі.