Мемлекеттік қызметтегі үздік кадрлық тәжірибелер анықталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаменті «Қызмет» Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағымен бірлесіп, Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған «Мемлекеттік қызметтегі үздік кадрлық тәжірибе мен бастамалар» байқауын өткізді.


Байқауға облыс, қала, аудан әкім аппаратының, облыс аумағындағы департаменттерінің, басқармалардың персоналды басқару қызметінің өкілдері қатысып, жоғары балл иеленген қатысушылар финалдық ойынға өтті.

Байқау нәтижесі бойынша конкурстық комиссия байқау жеңімпаздарын анықтады.

«Қызмет» Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасы С.Сүлеймен «Мемлекеттік қызметтегі үздік кадрлық тәжірибе мен бастамалар» байқауының қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен командаларды, жеңімпаздарды марапаттады.