Оралда кәсіподақ еңбек ұжымының табиғат аясындағы демалысын ұйымдастырды

Круглоозерное жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымы «Алаш» демалыс базасында еңбек ұжымы үшін демалыс шарасын ұйымдастырды.


Табиғат аясында түрлі сайыстар мен спорттық жарыстар өткізіліп, ұжым үшін өте қызықты демалыс болды.

«Бастауыш кәсіподақ ұйымы — жергілікті жердегі қызметті ұйымдастырушы, қарапайым қызметкерлер мен жұмыскерлердің жанашыры, халық қызметшісі болғандықтан, мектептегі іс-шараларды ұйымдастыруға атсалысады. Кәсіподақ ұйымының жұмыс тәжірибесінде ұжымның рөлі ерекше. Әрбір кәсіподақ ұйымы мүшесінің жұмысы біз үшін қымбат, біз үшін құнды», – дейді Круглоозерное жалпы орта білім беретін мектебініңбастауыш кәсіподақ ұйымы төрайымы Рая Шоканаева.

«Кез келген ұжымда ұйымшылдық маңызды екені анық. Егер қызметкерлердің арасында өзара сыйластық пен татулық болмаса, атқарып жатқан жұмыс кері кетеді. Сол себепті ұжымның ауызбіршілігін әрқашан қадағалап, олардың еңбекке деген ынтасын арттырған жөн. Осы орайда кәсіподақ ұйымы ұжымның ұйытқысына айналып отыр десек қате емес.Сондықтан да кәсіподақ мүшелерін алып, табиғат аясында демалыс күндерін өткізуді жөн көрдік және бастауыш кәсіподақ ұйымы қызметін жандандырып, мәртебесін көтеру мақсатында атқарылатын жұмыстар мұнымен бітпек емес», – дейді кәсіподақ жетекшісі.

Сондай-ақ, бастауыш кәсіподақ ұйымы қалалық, облыстық олимпиада жеңімпаздарында марапаттап, ынталандыру сыйлықтарын табыстап тұрады.