Қарағандыда еңбек ұжымдарымен бірқатар кездесулер өткізілді

Әлеуметтік әріптестік жылы Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының құрамына кіретін кәсіподақ ұйымдарымен ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүйелі негізде белсенді түрде жүргізіледі.


Осы орайда Қарағанды көмір өнеркәсібі қызметкерлері Салалық кәсіподағының Қарағанды аумақтық кеңесінің көмір өнеркәсібі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігі өкілдігінің төрағасы Абай Сабденов 2-ші ауысым нарядының алдында «РАПИД» ЖШС көмір өндіруші кәсіпорнының және «ҚҰЛАН-КӨМІР» ЖШС жұмыс орындарына барып, еңбек ұжымдарының мүшелерімен түсіндіру-ақпараттық кездесулер өткізді.

Қызметкерлермен кездесу кезінде Абай Төлеубекұлы қызметкерлердің кәсіподақ қатарына кіру перспективалары туралы хабардар етті, кәсіподақ жұмысының Еңбек адамының құқықтары мен мүдделерін қорғау, еңбек заңнамасының орындалуын қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету, заң консультацияларын ұсыну бойынша мақсаттары мен міндеттерін түсіндірді. Сондай-ақ, кәсіподақ мүшелері үшін емдеу-сауықтыру шипажайларында және әлеуметтік кепілдіктерде денсаулықты нығайту мүмкіндіктеріне тоқталды.

Ашық диалогта кәсіподақ қызметі туралы қызметкерлерді қызықтырған сұрақтарға нақты жауаптар берілді.