Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің Татуласу орталығында 2022 жылғы 18-22 шілде аралығында Павлодар қалалық мәслихатының депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері өтініш берушілерді қабылдайды.
Осыған орай Павлодар қалалық мәслихатының депутаты Қобланбек Кожин өтініш берушілерді қабылдады.
Өтініш берушілер балалар және спорт алаңын абаттандыру, тәртіптік жазаға дау айту және депремация, әке болуды тану фактісін анықтаудың құқықтық шарттары мәселелері бойынша жүгінді. Өтініш берушілер әлеуметтік қолдау, Еңбек және неке-отбасы заңнамасын қолдану мәселелері бойынша кеңес алды.
Қабылдауда шағын бизнес субъектісінің өкілі кәсіпкерлікті дамыту, бизнес субъектілеріне мемлекеттік кредит беру бағдарламасы туралы қажетті түсініктемелер алып, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының жұмысымен танысты.
Барлық өтініштер толық шешілгенге дейін кәсіподақтардың татуластыру орталығының бақылауына алынды.
Қабылдауға Татуласу орталығының басшысы М.Иванова қатысты.