«Павлодар Әуежайы» АҚ келісу комиссиясының мүшелері «Павлодар облысының Кәсіподақ орталығы» АКБ ұйымдастырған «Еңбек даулары, олардың туындау себептері. Еңбек дауын шешу тәртібі» семинарында еңбек заңнамасының негіздеріне, келісу комиссияларының дауларды шешу тәртібіне, медиация негіздеріне оқытылды.
«Павлодар Әуежайы» АҚ қызметінің мақсаты әуе кемелеріне, жолаушыларға, багажға, пошта мен жүктерге тұрақты, қауіпсіз және тиімді қызмет көрсетуді қамтамасыз ету болып табылады.
Айта кету керек, «Павлодар Әуежайы» АҚ-да бастауыш кәсіподақ ұйымының жоқтығына қарамастан, «Павлодар Әуежайы» АҚ басшылығы акционерлік қоғамның келісім комиссиясының құрамын жыл сайынғы міндетті оқыту мақсатында барлық оқыту орталықтарының ішінен Павлодар облысының Кәсіподақ орталығына артықшылық берді.
Практикалық семинар жұмысы екі бағытта құрылды: Теориялық оқыту және интерактивті Практикалық оқыту.
Татуластыру орталығының басшысы М.Иванова еңбек заңнамасының мәселелерін, келісім комиссияларының еңбек дауларын шешу тәртібі туралы, еңбек дауларының алдын алу тәсілдері және дауды сотқа дейін шешу үшін медиацияны қолдану туралы түсіндірді.
Спикер М.Қабжамитов еңбекті қорғау және қауіпсіздік, ішкі және қоғамдық бақылау мәселелерін, жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру тәртібі туралы талқылады, өндірістік жарақаттардың себептерін тергеп-тексерудің практикалық жағдайларының мысалдарын келтірді.
Семинар соңында қатысушылар «Павлодар облысының Кәсіподақ орталығы» АКБ атынан сертификаттарға ие болып, сапалы білім алғаны үшін алғыстарын білдірді.