Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің татуластыру орталығында ынтымақтастық туралы Меморандумды орындау шеңберінде Павлодар қалалық мәслихатының депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Әлия Асқарова өтініш берушілерді қабылдады.
Өтініш берушілер зейнетақыны ресімдеу, еңбек өтілі фактісін анықтау мәселелері бойынша өтініш білдірді. Өтініш берушілер еңбек заңнамасы мәселелері бойынша заңгерлік кеңес алды.
Барлық өтініштер кәсіподақтардың татуластыру орталығының тұрақты бақылауына алынды. Қабылдауға татуластыру орталығының басшысы М.Иванова қатысты.