Қарағанды қаласының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың төрағалығымен әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Қарағанды қалалық үшжақты комиссияның отырысы өтті, онда Қарағанды қаласының құрылыс және қала құрылысы қызметінің жай-күйі туралы, сондай-ақ осы саладағы еңбек заңнамасының бұзылуы туралы мәселелер қаралды.
«Қарағанды қаласының құрылыс бөлімі» ММ және «Қарағанды қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ мемлекеттік органдары басшыларының ақпаратын тыңдағаннан кейін үшжақты комиссия мен шақырылғандар осы өзекті мәселе бойынша пікір алмасты.
Онлайн-отырысқа кәсіподақтар тарапынан Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Қарағанды облысының Кәсіподақ орталығы төрағасының орынбасары Татьяна Шатохина және құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің Салалық кәсіптік одағы Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Айқын Ахметов қатысты.
Айқын Диханұлы құрылыс саласы қызметкерлерінің проблемалық мәселелерін атап өтіп, осы саладағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын дамыту жөнінде ұсыныстар енгізді.
Кеңес қорытындысы бойынша нақты тапсырмалар берілді, олар бақылауға алынды және әлеуметтік әріптестік шеңберінде еңбек адамы мүддесінде тараптардың өзара іс-қимылын күшейту туралы шешім қабылданды.