Салалық кәсіподақ филиалының төрағасы азаматтарды қабылдады

Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің татуластыру орталығында «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» энергожүйесі қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Балтабек Төлеубаев өтініш берушілерді қабылдады.


Өтініш берушілер еңбек қатынастарын ресімдеу, еңбек және демалыс жағдайлары мәселелері бойынша жүгінді. Өтініш берушілер еңбек саласындағы барлық сұрақтар бойынша кеңес алды.

Барлық өтініштер кәсіподақтардың татуластыру орталығының тұрақты бақылауына алынды. Қабылдауға Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің татуластыру орталығының басшысы М.Иванова қатысты.